4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Спорт

“Өтірік жұдырықтасты”: Головкиннің жеңілісінен кейін қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді

Отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйек күні өтті. Төрткүл дүние көз тіккен бәсекеде “Канелоның” асығы алшысынан түсіп, қазақстандық боксшыны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп кетті. Осы тартыстан кейін Головкиннің тарапына түрлі пікірлер айтылды. Олардың арасында жасы 40-қа келген спортшыны ақтағандар да, “жеңілетінін біле тұра шықты” деп даттағандар да болды. Stan.kz тілшісі “Генаның” жеңілісін қазақстандықтар қалай қабылдағанын анықтап көрді.

Қазақстандық танымал журналист Мақсат Толықбай нағыз жанкүйердің жеңілген шақта да қолдай білуі керек екенін айтады.

“Гена 12 раундқа шыдап береді” деп бәстескен едім. Әнұранды шырқаттың, көк туды желбіреттің, арқаңды жерге тигізбедің. Әйтпесе, 40-қа келген жасың бар. Нағыз бабында тұрған Альварес сияқты 32 жасында Гена да ешкімге жеңілген жоқ. Нағыз жанкүйер жеңілгенде де қолдай білуі керек. Біз үшін чемпионсың!” – деп жазған Толықбай.

Ол сонымен қоса Головкиннің кәсіби боксқа жол ашып, қаншама жастарды қанаттандырғанын еске алып, сол үшін ризашылығын білдірген.

Қазақстандық спортшы, ММА жекпе-жектерінде өнер көрсеткен Ардақ Назаров Instagram парақшасында “Гена – нағыз батыр! Оңай емес, мұның артында қаншама еңбек жатыр”, – дейді.

Ал қазақтың қоғам қайраткері, айтыскер ақын әрі дінтанушы Мұхамеджан Тазабек өзінің парақшасында “Гена, чемпион!” деп қысқа қайырған. Осылай деп жазған Тазабек Головкинмен бірге түскен суретін қоса жариялаған.

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев “Генажан, сен бізге жеңімпазсың! Генаға қарап қаншама жас бой түзеді. Жаса, Қазақстан!” – деп жазады әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *