Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп берді

Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп берді
20 июля, 2022
in Cаясат, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
53
VIEWS

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесуін облыс орталығынан бастады, — деп хабарлайды Turkistan24kz.

Аймақ басшысы алдымен наурыз айында өткен кездесудің нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақ, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

Ашық аспан астында өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне түркістандық 500 азамат келді. Оның 100-ге жуығы жастар. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде аймақ басшысы наурызда өткен есептің қорытындысымен бөлісті. Әкімнің жеке қабылдауы барысында 32 мәселе көтерілген еді. Бүгінде оның 23 өз шешімін тапқан.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға биыл 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы 2023 жылы аяқталады

Кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел басшылығының қолдауы мен түркістандықтардың еңбекқорлығының арқасында өңірдің дамып келе жатқанын айтып, алда жүзеге асатын тың жобаларға тоқталды. Мәселен, аймаққа инвестиция тарту мақсатында үлкен жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Өздеріңізге белгілі жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді. Облысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады (қажеттілік 320 МВт). Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт Газ станциясын (ПГУ) салуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады

Аймақ басшысы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұл мақсатта 2025 жылға дейін 250 мыңңан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сондай-ақ биыл 444 салалық жобаларды іске асыру аясында 34 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды.

Сондай-ақ түркістандықтар әкімге өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Аймақ басшысы тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты. Халықтың тарапынан түскен сауалдардың көбі әлеуметтік салаларға, қоғамдық көлік, жол мен кәріз жүйелеріне қатысты болды. Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында биыл осымен екінші рет есеп беру кездесуін өткізіп жатыр.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда кенеден келетін кесел өршіп тұр

Келесі жаңалық

Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын марапаттады

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын марапаттады

Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын марапаттады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz