4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Өмірзақ Шөкеев: «Ауыл әкімдері проблемалар картасын жасау керек»

Өмірзақ Шөкеев жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, халық таңдаған жаңа әкімдердің  алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді.

«Әкім-істің адамы. Ауыл әкімі халықпен етене араласуға міндетті. Ауыл әкімдерінің қызметі әрбір тұрғынның күнделікті тыныс тіршілігінде туындайтын қажеттіліктермен тікелей байланысты. Сондықтан да бұл – өте абыройлы да жауапты жол. Ең алдымен, өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, проблемалар картасын жасау керек. Оның ішінде басымдыққа ие жобаларды нақтылап, шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізу қажет. Ең бастысы – әлеуметтік мәселе. Жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға күш салу, жаңа кәсіпорындар ашып, инвестиция тарту керек. Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын арттыру, қоқыс полигондарының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек», деді Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ, облыс әкімі заң аясында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеп, тұрғындар сұраныстарын ескере отырып, жеке тұрғын үй салуға, шаруа қожалықтарының жұмысына жерлер бөлу, ортақ жайылымдық жерлер мәселелелерін шешуді тапсырды.

Ауылшаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізу, тамшылатып суару, жылына 2-3 өнім алу әдісін пайдалану, ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында тоғандар салу мүмкіндіктерін зерделеп, ұсыныстар енгізуді міндеттеді. Мал басын асылдандыру, ветеринариялық қауіпсіздік жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Атап өтейік, сайлау қорытындысымен, Түркістан облысында 60 әкім сайланған болатын.  Оның ішінде 32-әкім (53%) жаңадан сайланды.

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *