ӘР ҮЙГЕ – ҚАУІПСІЗДІК, ӘР ОТБАСЫҒА – ҚАМҚОРЛЫҚ
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара аясында Бәйдібек ауданының полицейлері профилактикалық есепте тұрған 20-дан астам азаматты тексеріп, тұрғын үйлерді, пәтерлер мен саяжайларды аралады. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және оларға қажетті көмек көрсету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК