Экс-депутат Нұртөре Жүсіп қазақ қоғамындағы амандасу мәдениетін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, әйел адамды құшақтап амандасу қазақтың дәстүрінде болмаған. Сондай-ақ соңғы кезде ер адамдардың бір-бірімен сүйісіп амандасуы көбейгеніне назар аударды.
Дастарқанның үстінен асыла қол созып амандасу, отырғандардың бәрімен жағалай қол алысу дұрыс емес. Мұның бәрі гигиена мәселесі екенін айтты. Ол амандасу мәдениетін қайта қарап, қазақы әдепке сай дәстүрлі сәлемдесу үлгілерін жаңғырту қажет екенін айтты.