5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Әскерде әлімжеттік көп деп әскердің есігін ашып көрмегендер айтады

Бұл туралы Қарулы Күштердің Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Борамбаев қазіргі таңда офицерлер сарбаздарға қысым көрсете ме? Болса алдын алу мәселесі қалай жүргізіліп жатыр? деген сұраққа жауап берді.

Келісімшарт жасасқан азаматтармен мемлекеттік дайындық пәні өтеді. Ол жұма сайын өткізіледі. Ол жерде әскерлер мен офицерлерге тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Онда жеке сұхбат қалай жүргізілуі керек және басқа да жалпы құқықтық жеке жауапкершілік туралы дәріс оқылады. Сонымен бірге біздегі әскери заңгерлеріміз , полиция қызметкері ол жұмыстың бәрін жіті қадағалайды. Онымен қоса, әскери гарнизондарда прокоратура мен тергеу басқармалары бар, – деп жауап берді Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы.

Оның айтуынша, жылына 35 мың бала әскер қатарына шақырылады олардың бәрі өз еркімен келеді.

Әскерге барса болды бір жыл таяқ жеп, жаны шыққанша қинайды деп ойлау дұрыс емес. Мысалы, біз қарапайым өмірде де әртүрлі кедергілерге тап болып жатамыз. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бір жыл бойы бөлімшеде 50-100 жігіт болады. Олар әртүрлі отбасынан, өңірлерден келеді. Біз заңсыз әрекеттердің алдын алуға тырысамыз. Біздің міндетіміз оларды отан қорғаушы етіп дайындау. Әскерге бармаймын себебі онда әлімжеттік көп деп сұхбат беретіндер көбейді. Ол адамдар әскерге барып, онда не болып жатқанын көрмеген азаматтар, – деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *