4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

ҰБТ тапсырған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Бейнежазбаларды тексеру барысында тестілеуде алаяқтыққа барған 19 талапкердің нәтижесі жойылды,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасай отырып.

Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде заңбұзушылққа барған талапкерлер жайлы мәлімдеме жасады. Заңбұзушылықтар қатарына бөгде тұлғаларды анықтау, тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану жатады.

Заңбұзушылық байқалып, ереже бұзылған жағдайда ақпарат автоматты түрде, орталық министрлігінің келісімінсіз, одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады.

«Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды. Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс», – делінген хабарламада.

Биыл бейнежазбаларды тексеру барысында 19 талапкердің нәтижесі жойылып отыр.
Айта кетейік, аталған норманы қабылдағаннан кейін, өткен жылы да заңбұзған талапкерлердің тағайындалып қойған гранттары жоққа шығарылған еді.
Гранттар тағайындалып болғаннан кейін де талапкерлерді тексеру жұмыстары жалғаса береді. Бірінше кезекте 100-ден аса балл жинаған түлектердің бейнежазбалары қаралады. Қалған талапкерлердің тестілеуді тапсыру барысы екінші кезекте тексеріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *