4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасына сәйкес, барлық ауылдық округтерде өткен тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласының өкілдері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, аулалары, саябақтары, гүлзарлары мен қоғамдық орындары тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, жол жиектері мен арық-атыздар тазаланып, шөп шабу жұмыстары атқарылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, жас көшеттердің түптері әктеліп, суарылды. Жиналған қоқыс қалдықтары коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары арқылы шығарылып, тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізілді.
Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, ауданның санитарлық тазалығы мен көркейту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *