Финалда қазақстандық спортшы тәжікстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды.
Ол 71 келіге дейінгі салмақта финалда тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша Қадырбек Шынбаев Қазақстан құрамасына аралас жекпе-жектен екінші алтын жүлдені әкелді.
Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин чемпион атанған еді.