Әсіресе қауіпсіздікке басымдық беріледі. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің өкілігі Ғани Мәди осылай деді. Оның пікірінше, қауіпсіздік нысанды жобалау мен салудан бастап, оны пайдаланудан шығаруға дейінгі барлық кезеңде сақталуы тиіс.
Ғани Мәди, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры:
Станция жобасы халықаралық қауіпсіздік талаптарына, МАГАТЭ стандарттарына әзірленеді. Қазақстанда құрылыс монтаждау, жобалау тиісті лицензиялар мен рұқсаттармен жүзеге асырылады. Екіншіден, қауіпсіздік тек реакторлар технологиясына емес, алаңды таңдау, құрылыс сапасы, тәуелсіздік мемлекеттік бақылау, персоналды дайындау сияқты барлық кезеңдерге қатысты болады.