4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

Құрылтай сайлауына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті

Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы бойынша арнайы жиын өтті.
Жиында сайлау учаскелерінің әзірлігі, ақпараттық-насихат жұмыстары, қоғамдық-саяси ахуал мәселелері қаралды.
Жауапты бөлімдерге сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық және санитарлық жағдайы, интернет және резервтік электр көздерімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді.
Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық және төтенше жағдайлар қызметтерінің кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы штабтың тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық бағытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-да тұрғындарға сайлау туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғаспақ. Қаладағы 6 сайлау учаскесінде «мини ЦОН» қызметі ұйымдастырылып, тіркеуде жоқ азаматтарды уақытша тіркеу мүмкіндігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жиын соңында барлық жауапты мекеме басшыларына белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау, сайлау күндері жұмысты күшейтілген режимде ұйымдастыру тапсырылды.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *