4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Құрғақшылық басталғалы қанша мал қырылды?

Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылықтан 1714 бас мал өлді. Мұндай мәліметті орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев жариялады – деп хабарлайды Sputnik.kz

Оның айтуынша, құрғақшылықтан мал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ғана өлген.

“Ресми мәлімет бойынша Маңғыстау облысында 1161 бас мал қырылды, бұл өңірдегі мал басының 0,1%-не тең. Қызылорда облысында 553 бас мал өлді”, – деді Қарашөкеев.

Ол бұл деректер өткен жылғы малдың өлім-жітімі көрсеткішінен төмен екенін атап өтті.

Бұған дейін ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев құрғақшылық пен жем-шөп тапшылығынан шаруалар малдың 30 процентін жоғалтқанын айтқан болатын. Ол сондай-ақ қырылған малдың саны артып, 3 миллионнан астам жануар өлетінін болжады. Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшының пессимистік болжамын жоққа шығарды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *