4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қостанайда қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды

Қостанай облысында бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасы әшкереленді, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілетем жасап.

“Әкімдік пен “Тобыл ӘКК” АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан жеңілдік құны бойынша келісіне 420 теңгеге кезектен және нормадан тыс таңдалған кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі, ол кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10 пайыздың орнына 100 пайыз үстеме бағамен сатқан”, – делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, тұрақтандыру қорындағы қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып, тәркіленген. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *