4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қатты дауыл салдарынан Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Қатты дауыл кезінде әріптестеріне көмектесу барысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлім жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бірінші жедел батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу орталығында болған.

9 тамызда сағат 20:55 кезінде жел тұрып, арты қатты дауылға ұласты. Соның салдарынан қалашықтағы шатырлар қирай бастады. Қатардағы жауынгер А. Шахимов қауіпсіз жерге көшу бойынша әріптестеріне көмектесіп жүріп, шатырдан шыға бергенде үстіне темір бағана құлап, басына тиеді, – делінген хабарламада.

Жарақат алған срабазға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алайда ауруханадағылар оның қайтыс болып кеткенін мәлімдеген.

Қатардағы жауынгер А. Шахимов 2003 жылы туған. 2022 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *