Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қара жол да енді қалтаңа «қарайды»…

4 октября, 2021
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
28
VIEWS

жеңіл көліктің әр шақырымы – 1 теңге, жүк көлігі – 25 теңгеге дейін

1 қазаннан бастап елімізде республикалық маңызға ие 25 мың шақырым жолдың тең жартысы, яғни, 11 мың шақырымы ақылы болмақ. Бұл туралы «Қазавтожол» мекемесіндегілер ресми мәлімдеді. Алайда ақпарат құлақтарына жете салысымен жүк көлік жүргізушілері бұған үдере қарсы шықты. Неліктен? Мәселені әріптесіміз Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді.  

Түркістандық Жәнібек Дүйсенов – ауыр жүк көлігі жүргізушісі. Қаншама жылдан бері қала арасында азық-түлік тасып жүріп, жол бейнетін әбден көрген ол: «Тақтайдай тегіс болса бір сәрі, кедір-бұдыр, ойлы шұқыр сапасы сын көтермейтін тасжолға не үшін ақы төлеуіміз керек?», – деп күйіп-піседі ол.

Жәнібек ДҮЙСЕНОВ, ауыр жүк көлік жүргізушісі:

«Жолдың ақылы болуына қарсымыз. 25 теңге деген қайдан шыққан? Мына тұрған Оралға барып келу үшін 150 мың теңге төлейді екенбіз. Біз жолға шығармақ түгілі ондай ақшаны әлі үйімізге де алып келіп көрмеппіз»

Ақылы жолдары тізімі:

Щучинск — Көкшетау, Шымкент — Өзбекстан шекарасы,

Шымкент — Тараз, Шымкент — Қызылорда,

Тараз — Қайнар, Нұр-Сұлтан — Павлодар, Қапшағай — Талдықорған бағыттары.

 

Тариф сол бұрынғыша:

жеңіл көліктер әр шақырымға – 1 теңге,

ал ауыр жүк көліктері – 5 тен 25 теңгеге дейін.

Елімізде 2013 жылдан бастап Нұр-сұлтан – Шучинск  жолы ақылы жүйеге көшкен болатын. Ал 2019 жылы Нұрсұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай. Алматы – Қорғас тас жолдары да ақылы болған. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін 11 мың шақырым ақылы болуы керек. Мамандар түскен ақшаның ешқайда кетпейтінін, қайта сол жолды күтіп ұстауға жұмсалатынын айтады. Әйтпесе, мемлекеттен бөлінетін ақша тіпті мардымсыз болса керек.

Диас Ахметшәріп,«Қазавтожол» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі:

«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, 11 мың шақырымды ақылы қылмақпыз. Себебі содан түскен қаражат жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Әйтпесе, бүгінге дейін мемлекеттен ақша тек жолды салуға ғана бөлініп келді, ал оны күтіп ұстауға мүлдем қаражат қарастырылмаған десе болғандай. Сол үшін біз осындай амалға көштік»

Түйін: Компания өкілдерінің айтуынша, ақылы жолдар қажетті құралдармен жабдықталған. Белгіленген жол бөліктері 1 қазанда сынақ режимінде жұмыс бастайды. Жаңа ақылы жолдарда төлем қабылдау әдісі өзгереді. Шлагбаумдар алынып тасталады. Жүргізушілер смартфондағы қосымшаларды пайдаланып немесе RFID-таңба арқылы төлем жасай береді.

Tags: автокөлікақылы жолдаржолжүк көліктері
Алдыңғы жаңалық

Келесте "Оңтүстік Қазақстан" газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Өрт пен құрғақшылық соңы: адамзатты не күтіп тұр?

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Өрт пен құрғақшылық соңы: адамзатты не күтіп тұр?

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz