4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Спорт

Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, футболшының тапсырған тесті тыйым салынған заттардың іздерін көрсеткен. Осы себепті Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған деседі.

Оның бойынан дәл қандай зат табылғаны және допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әлі белгісіз.

Валиуллин салған екі голдың арқасында Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен матчта Украинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Айта кетейік, бұған дейін БАӘ чемпионатында допинг қолданғаны әшкереленген Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан екі жылға ойыннан шеттетілген болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *