Қазақстан босқындарды қабылдайтыны рас па?

 

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазіргі кезде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы ахуал сағат сайын өзгеріп жатыр, сондықтан нақты шешім туралы айту ертерек», -деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *