Қазақстанға келетін туристер саны артты

Туристердің саны артып келеді. Олардың дені табиғаты тұмса өңірлерге барғанды ұнатады екен. 

Мәселен, былтыр ұлттық парктерге келушілердің саны шамамен 1,5 млн адамды құраған. Бұл 2020 жылға қарағанда 40%-ға жоғары. «Ұлттық парктер аумағында халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа маршруттар және соқпақтар салу арқылы экотуризм дамып келеді. Бұл ретте заманауи визит-орталықтар, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ-этноауылдар мен керуен-сарай салынуы көзделіп отыр» – дейді жауапты сала мамандары.

Серікқали Брекешев, ҚР геология және табиғи ресурстар министрі:

  • Кейбір парктер бойынша түзету жүргізіліп жатыр. Алматы тобының орналасуы мен танымалдығын ескере отырып, министрлік Іле Алатауы, «Көлсай көлдері», Шарын және «Алтын Емел» парктерінде жұмысты бастады. Экотуризмді дамытудың мастер-жоспарлары әзірленді. 26,5 млрд теңге инвестиция әкелетін потенциалды инвесторлар айқындалды. 2020-2021 жылдары шамамен 2,0 млрд теңге инвестицияланды. Жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар басталып кетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *