5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Қазақстанға келген ресейліктердің жартысынан көбі кетті

Кейінгі күндері Қазақстанға келген Ресей азаматтарының жартысынан көбі елден шығып кетті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“100 мыңға жуық адам кірді, бүгінде олардың 65 пайызы шығып кетті. Кешегі күні 64 мыңнан астамы елімізден кетіп қалды”, – деді Қожаев Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол бір апта ішінде Ресейден келген иммигранттар бірде-бір қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жоқ деп сендірді.

“Көбіне заңға бағынатын азаматтар, өмір сүруге ресурсы бар кезде келеді. Олар құқықбұзушылық жасаған жағдайда, әрине, қарапайым азамат сияқты шаралар қабылданады. Заң барлығына бірдей. Егер олар көші-қон заңнамасын бұзса, онда елден шығарылады, егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біз шекарада және олар орналасқан жерлерде көші-қон процестерін бақылаймыз. Біз әлеуметтік желілерде де, БАҚ-та да профилактикалық жұмыстар жүргізіп, мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз”, – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *