4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Қазақстандық мұғалімдер «Нобель сыйлығына» таласатын болады

Ұлттық «Қазақстан мұғалімі» байқауының 10 финалисті «Әлем мұғалімі» премиясына ұсынылатын болады,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бұл премия халықаралық Global Teacher Prize жобасының бір бөлігі болып саналатын, жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын Нобель сыйлығының аналогы ретінде танылған. Аталмыш сыйды әлемдегі мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында Верке қоры тағайындап отыр.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық байқауы қатарынан үшінші жыл өткізілуде. Байқауға еліміздің кез келген аймағынан кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар мамандар қатыса алады. Жобаға ұсыныс беру мұғалімнің тарапынан ерікті түрде өтеді.

Байқау жеңімпазы 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. Қалған 9 финалистке түрлі номинациялар мен өзге де сыйлықтар берілетін болады.

Сондай ақ, финалда бой көрсеткен барша мұғалімдер әлемдік бәсекеде бағын сынайды. Әлемдегі ең үздік мұғалім атағын алған маман 1 миллион АҚШ долларын қанжығаламақ.

Сонымен қатар, «Қазақстан мұғалімі» ұлттық байқауының аясында ауылдық 30 мектепке әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін грант беріледі. Байқаудың тағы да бір бағыты- «Болашақтың мұғалімі» жобасы. Жоба аясында педагогикалық кадрларды даярлайтын, 10 жоғары оқу орнының 10 үздік студенті іріктеліп отыр.

Айта кетейік, байқауға қатысу үшін Teacherprize.kz. ресми сайтына өтінім жіберу керек. Өтініштер 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *