5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Қазақстанда төлқұжат бағасы төмендемек

Қазақстанда алдағы уақытта төлқұжат алу құны арзандауы мүмкін. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасында көрсетілгендей, төлқұжат жасату үшін төленетін баж салығы 4 айлық есептік көрсеткіште азайған, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Заң жобасындағы өзгерістерге сәйкес, алдағы уақытта 16 жасқа толмағандар үшін 22 беттік төлқұжат жасату 4 АЕК мөлшерінде болады. Ал 36 беттік 8 АЕК, 48 беттік төлқұжат ты 12 АЕК-ке жасату мүмкін болмақ.

Қазір төлқұжат жасату үшін мемлекетке төленетін баж салығы бірыңғай 8 АЕК.

Жеке куәлікті жасату үшін төленетін баж салығының мөлшері келесідей:

Қазақстан азаматтары үшін 0,2 АЕК;
Шетел азаматтары үшін 8 АЕК.
Ал жеке куәлікті екі рет жоғалтып алса, қайта жасату үшін 0,2 АЕК төлейді. Бір жылда екі реттен көп жоғалтқан жағдайда баж салығы 1 АЕК (3 063 теңге) болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *