4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған

Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орташа тозу көрсеткіші 76 пайызды құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Республикада 147 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,7 мың егіс кешені, 77 мың дән сепкіш, 13 мың дестелегіш, 73 мың трактор тіркемесі, 5,8 мың бүріккіш, 221 мың топырақ өңдеу жабдығы бар. Өздігінен жүретін техниканың бүкіл паркінің орташа тозуы 76 пайызды құрады», – делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында. Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жарақтандыру мәселесін шешу және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды жеңілдету үшін тиісті мемлекеттік қолдау бағдарламалары ескерілген. «Біріншіден, инвестициялық шығындарды субсидиялауға тоқталсақ, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кездегі құнының 25-30 пайызы мемлекет бюджетінен өтеледі. Бұдан басқа, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларында көзделген ауыл шаруашылығы техникасының, машиналар мен жабдықтардың басым түрлері бойынша өңір әкімдіктерінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау нормативтерін 50% ұлғайтуға құқығы бар», – деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *