4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Шымкентте 1000 үй бұзылады дегенді естіген тұрғындар шу шығарды

Шымкент әкімдігі бүтін бір шағын ауданды бұзып тастамақ. Онда 1000-ға жуық жер үй бар. Бұған келіспеген “Тұран” шағын ауданының тұрғындары әкімдік алдына жиналды. Наразылық білдірген ел жаңа үйге енді ғана көшкен едік деп ашынады.
Тұрғындар айқайы: “Қашан халықты ойлайсыздар?”, “Сол компанияңызға Тараз бен Шымкенттің ортасындағы жерді беріңіз. До конца соқсын Таразға дейін. Зачем халық соғып қойған нәрсеге жабыса береді?”
Жиналған бұл жұрт Шымкенттегі Тұран шағын ауданының тұрғындары. Өз үйлерінің сүрілетінін олар сәулет және жер қатынастары басқармасының парақшасынан көрген. Осыны айтып, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қабылдауына келді.

Тұрғындар сөзінше ауыз су мен газды өздері жүргізіп алған. Алайда жұрттың бұл қуанышы ұзаққа созылған жоқ. 10 жылдан кейін пайда болған әкімдік бұл жерге көпқабатты үй тұрғызуды ұйғарып отыр.

Жорабек Жаңабаев – Шымкент қаласының тұрғыны:
“Инфроструктура дайын да бұл жерде. Газы бар, светі бар, конализация, су бар. Соған келіп, үлкен үйлерді соққысы келеді. Жерлерді сатып алып, бала шағамызға қалдырайын деп едік. Қазір қарап отырсақ, бала шаға түгілі өзіміз зорға соққан үйімізден айрылып қаламыз ба деп отырмыз”

Алайда, қала әкімі мұны 2030 жылға жасалған жоспар екенін айтып шықты.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі:
“Заңға сәйкес бәріміз жиналамыз. Сол кезде қағазбен бекітіледі. Барлығыңыз сол кезде дауыс бересіздер. Дауыс бергенде бекітіледі. Ол ұсыныс қой. Егер де келіспесек ол болмайды”.

Қала әкімінің сөзінше Шымкентте халық саны көбейіп бара жатқан соң, бас жоспарды өзгертпек болған. Алайда, бұған тұрғындар келіспесе, сол қалпында қалдырамыз дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *