4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Шымкентте лифтіде жүкті әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Шымкентте лифтіде жүкті әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жағдай бейнебақылау камерасына жазылып, әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен еді. Онда жедел сатыға кірген қаскөй балалы әйелге тарпа бас салған. Қалтасын қағып, әурет жеріне тиіскен. Келіншектің жан ұшыра айқайлаған дауысын көршілері естіп, көмекке келем дегенше жас жігіт ізін суытқан. Полицияға арызданған әйел оқиға Нұрсәт шағын ауданында болғанын айтады. Тәртіп сақшылары жедел топ құрып, қылмыстық кодекстің «Зорлауға оқталу» бабымен тіркеуге алды. Ал күдікті Шымкент – қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен қолға түсті. Ол Қызылорда облысы, Шиелі бекетіндегі поезд вагонында ұсталды.

Құттыбек Оңалбеков – Шымкент қаласы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
«Шымкент қаласы Қаратау аудандық Полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы қала тұрынынан хабарлама келіп түсті. Хабарламаны тексеру барысында ҚР қылмыстық кодексінің 24-120, бірінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда азамат қамауда».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *