5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Шымкенттегі қанды оқиға: тал-түсте күйеуі әйелінің көңілдесін өлтіріп кетті

Шымкентте тапа-тал түсте, көшенің ортасында қанды оқиға болды. Екі ер адам ерегісіп соңы өліммен аяқталған. Оны көрген куәгерлер бәріне қызғаныш себеп дейді. Сөздерінше, күйеуі әйелінің көңілдесін ұстап алған.

Қаптаған ел алдында болған жағдай сол маңдағы дүкен камерасына жазылып қалыпты. Қарсы алдындағы адамға пышақ сұққан ер кісі оны қуа жөнеледі. Қансыраған жігіт көшенің арғы бетіне қашқанымен, сол жерде қайтыс болды.

Орынбек Абдолла – Куәгер:
“Көңілдесін аңдып жүріп, осы жерде ұстап өлтірген дейді. Пышақ тыққанын байқадым. Бір 10-18 рет тықты жобамен. Қатты жек көріп тұрғаны байқалды. Әйелі қашып кетіп, қайтып келді”

Куәгерлер әйелінің көңілдесіне шабуылдады деген ер адам кінәсін сол жерде-ақ мойындаған. Қазір жантүршігерлік жағдайға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Мөлдір Бекеева – Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:
“Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Күдікті оқиға орнында қамауға алынды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде”

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *