Шахматшы қыз Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенттінен қандай сыйлық алғанын көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Кейін шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram-парақшасында кездесуден суреттер жариялады. Сондай-ақ, ол Президент атынан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Кездесу соңында Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *