Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті

27 октября, 2021
in Білім
0
0
SHARES
17
VIEWS

26 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (бұдан әрі – Университет) Түрік Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті. Жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдеріндегі 32 университеттің ректорлары, ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар,  эксперттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Мәжіліс Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Б. Әміреев, Бас хатшының орынбасары Ө. Кожаман, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің төрағасы М. Шимшек және университет ректоры Ж. Темірбекованың құттықтау сөзінен басталды.

Ассамблеяда сөз алған Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев жаһанды жаулаған пандемиядан кейін қайта бас қосқан жиын қатысушыларына сәттілік тілеп, шараның жалпы Түркі қоғамындағы маңызын тілге тиек етті.

Бағдат Әміреев, Түрік Кеңесінің Бас хатшысы:

«Түркістан – түркі цивилизациясының бесігі. Жыл сайын болатын жиын пандемияға байланысты біраз уақыт тоқтап қалды. Ал бүгін бүкіл түркі мемлекеттерінен университет ректорлары бас қосып отырмыз, білім саласындағы талқылаймыз, нәтижелі жиын болады деген сеніміміз мол».

Бұдан әрі Түркі әлемі университеттер Одағының 2018 – 2021 жж. аралығында төрағалық қызмет атқарған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Университет төрағалығы кезеңінде І Жас Көшбасшылар форумы, «Түркі әлемінің алтын бесігі –Түркістан» атты халықаралық жастар форумы , Халықаралық «Түркістан мемлекеттік басқару жазғы мектебі», Түркология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен ІХ Түркология Конгресі және т.б айтулы шаралар өтті. Ассамблеяға жиналғандар атқарылған қарымды қызметке жоғары баға берді.

Жиын барысында «Орхун» ұтқырлық бағдарламасының мәселелері және оны дамытуға қатысты нақты қадамдар қарастырылды. Мүше университеттер бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар бойынша есеп берді. Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар Студенттік Кеңес тарапынан атқарылған іс-шараларды талқылап, 2021 – 2022 жж. арналған «Жол картасын» әзірлеу үшін ой-пікірімен бөлісті.

V Бас Ассамблея мәжілісінде Түркі әлемі университеттері Одағына бірқатар жоғары оқу орындары қосылды: Қазақстаннан – Семей медицина университеті; Әзірбайжан мемлекеттік Экономика университеті; Қырғызстаннан – Батырәлі Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті, Өзбекстаннан –  Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті, Әлішер Наваи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Қоқан университеті.

Шара соңында 2018 – 2021 жж. аралығында артылған міндетті абыроймен атқарған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тағы бір жылға төрағалық қызметке қалдыруға шешім қабылданды.

Айта кетейік,  Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағы 2013 жылы құрылған. Қазіргі таңда Одаққа  Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен 40-тан астам университет мүше.

Tags: Б.ӘміреевБас АссамблеяТүрік кеңесіуниверситеттерХҚТУ
Алдыңғы жаңалық

Түркі кеңесінің бас кеңсесі көшіп келуі мүмкін...

Келесі жаңалық

75 бүлдіршін үйде қамалып отыр

Ұқсас жаңалықтар

Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 ноября, 2022
Білім

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17 октября, 2022
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

17 октября, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

29 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

75 бүлдіршін үйде қамалып отыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz