4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясы жасалмақ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясын жасауды тапсырды. Бұл іске шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Жасыл желекті жайқалтуда жаңа технологиялар мен минералды тыңайтқыштар қолданылады.

«Қала келбетін ажарландырып, тынымсыз еңбекпен жасалған дүниені күтіп ұстау үшін креативті идеялар қажет», деген облыс әкімі өз міндеттерін дұрыс атқармаған компаниялармен келісімді бұзып, жұмысты өзге мекемелерге тапсыруды жүктеді. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Түркістанды ну орманға айналдыру үшін жасалған іс-шараларды пысықтады.

«Қаланың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Түркістанның экологиялық ахуалын тұрақтандыру – бәріміздің парызымыз»,- деді облыс әкімі.

Атап өтейік, қаланы жел эрозиясынан сақтап, экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін Түркістан айналасынан «Жасыл белдеу» құрылған. 7700 га аймақта 12 миллионға жуық түп көшет отырғызылды. Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен қала 32 секторға бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала ішінде қарағай, терек, емен, үйеңкі, шаған ағаштары және өрік, алма секілді жеміс ағаштары егілген. Экологияны тазарту, барлық аймақтардағы полигондарды түзете отырып, оны әрі қарай дамыту, өсіру, жаңартылуы қамтылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *