4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Түркістан облысында тегін берілетін мектеп формасына қатысты шу шықты

Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мектеп формасын алу мәселесін көтерді. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында әл-ауқаты төмен отбасыларға жыл сайын тегін берілетін киім-кешектің биыл берілмейтіні ата-аналардың ашуына тиді, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көпбалалы аналар “баланы мектепке дайындауға қалтамыз көтермейді” деп шенеуніктерге келгенімен, олар жауапсыз қайтарған. Мектеп мұғалімдері көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға биыл мектеп формасы берілмейтінін айтқан. Есесіне, ата-аналарға әр балаға “осы киім үлгісімен киіну керек” деп шарт қойып, оның бағасына дейін жазылған прейскурант жіберген.

“Мектепке бірыңғай форма кигізесің. Біз айтқан үлгідегі форманы аласыңдар дейді. Менің ондай алатын жағдайым жоқ, қайдан алам? Төрт балам мектепке барады. Киім ала алмаймын. Есептесең, әрқайсына 50 мыңнан кетеді. Оқу жабдығымен қосқанда 400 мың ақша керек, мен оны қайдан аламын?”, – дейді Сарыағаш ауданының тұрғыны Ғазиза Қожабердиева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *