5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Түркістан облысында жасөспірім 10-сынып оқушысын пышақтап өлтірген

Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан жасөспірім көз жұмды. Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан жасөспірім көз жұмды. Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол  жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы екені анықталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келген. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды.

Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырылды. Нәтижесінде полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны ұстады.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *