4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Түркістан облысында екі қораның өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында екі қораның өртеніп кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің 10-нан астам полиция қызметкері мен прокуратура өкілдері шыққан.

«Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-мен ҚК 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Бүгінде орын алған оқыс оқиғаны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олармен өрттің нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Тастұмсық ауылында екі сарай өртеніп, шаруаның қысқа дайындаған мал азығы түгелімен жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Ал, шаруалар болса тілсіз жаудан 40 млн теңгедей шығынға батқанын айтып отыр. Олар сондай-ақ, екі қораны да көрші ауылдың бір тұрғыны өртеп жіберді деген сенімде. Алайда бұл болжамды енді тәртіп сақшылары анықтайтын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *