4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Спорт

Түркістан боксшылары  халықаралық турнирінде топ жарды

Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «Elorda Cup-2022» халықаралық турнирі мәресіне өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер арасында 13 салмақ, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Астана төріне 10 елден барлығы 250-ден астам былғары қолғап шебері жиналды. Финалға жолдама алғандардың ішінде Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Олимпиада ойындарының қатысушылары да көп еді. Турнирде ерлер арасында Түркістан облысының боксшылары да тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Токио Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы,  Сәкен Бибосынов «Турнирдің ең үздік боксшысы» атанды. Ол барлық барлық қарсыласын айқын жеңіп, жоғары шеберлігін көрсетті. Түркістан өңірінің тағы бір жұдырықты жігіт Мұхамедсабыр Базарбайұлы өз салмағында жеңімпаз атанып,  алтыннан алқа тақты. 86 келіде бақ сынаған Абзал Құттыбековке тең келер қарсылас болмады. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды. 92 келіде жұдырықтасқан Тоғамбай Сағындық күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар +92 келіде түркістандық Нұрлан Сапарбай қола жүлдегер атанды.

Осылайша Түркістан облысының спортшылары ұлттық құрама қоржынын толтыруға қомақты үлес қосты.  Осындай тартысты додаға боксшыларды жоғары дәрежеде дайындаған Мырзағали Айтжановтың еңбегін атап өту керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *