4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Спорт

Түркістанның спортшылары словакияда үш медаль олжалады

Словакияның Братислава қаласында байдарка мен каноэда спортынан жастар арасындағы ірі халықаралық жарыс өтті. Дүбірлі сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ спортшылары Полат Тұребеков пен Антон Сергеев  каноэ-екілікте  500 метр қашықтықта күміс жүлдеге, каноэ-екілікте  1000 және 200 метр қашықтықта екі қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарысқа 15 елдің және Еуропаның ең мықты 13 клубының таңдаулы 300 спортшысы қатысты. Байдарка мен каноэдан жастар арасындағы халықаралық регата – бұл келешекте ірі додаларға, оның ішінде Олимпиада ойындарына жүлделерге таласатын жас дарындарды табу мақсатымен өткізілетін  дәстүрлі жарыс.

Қазақстан құрамасы сапында осы екі спортшы жүлдегер атанды. Оларды сайысқа каноэда есу бойынша Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Е.Кеңесов пен Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы С.Сергеев даярлады.

Бүгінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен су спорты түрлерін дамытуға жағдай жасалып жатыр. Халықаралық талапқа сай ескек есу базасы салынды. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *