4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістанның батыры «Акуланы» жұдырықпен жеңді

Қазақстандық боксшы, Түркістанның өрені, 2019 жылғы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы – 2» кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді. Қарсыласы да осал емес еді. «Акула» атты лақап атымен танылған мексикалық Бруно Сандовал болды. Кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп үлгерген ол жеңіс үшін келгені анық.
Дегенмен Нұрмағанбет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Сөйтіп, екінші орта салмақта WBA International тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге ие болды.
Бек Нұрмағамбет кәсіпқой боксқа былтыр жазда ауысқан болатын. Бүгінге дейін бес жекпе-жек өткізіп, үшеуінде нокаутпен, екеуінде ұпай санымен жеңіске жеткен.
Тағы бір ақпарат, жуырда бокстан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Бекке ұсыныс тасталып, ұлттық құрама сапына қабылдануы мүмкін деген болатын. Ал үздіктер биыл Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бірақ әзірше Бектің құрамаға қабылданған немесе қабылданбағаны, келіскені туралы мәлімет жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *