4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістанда 5 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

Биыл Түркістан қаласында жыл соңына дейін 5 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды. Әкімшілік-іскерлік орталықта 7, 9 және 12 қабатты жалпы ауданы 350 мың ш.м. болатын 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. 800-ге жуық пәтер ипотека арқылы және кезекте тұрған отбасыларға үйлестіріліп жатыр. 12 қабатты 10 тұрғын үй алдағы қыркүйек, қазан айларында пайдалануға беріледі.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында аймақ басшысына тұрғын үй туралы соңғы мәліметтер баяндалды.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы мен құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтты. Облыс орталығындағы 2 мыңнан астам пәтерлі 12 қабатты 29 тұрғын үй қыркүйек-қараша айларында қабылдаудан өтетін болады. Құрылыс басында мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Шаһарда жалпы саны 48 тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен бой көтерді. 12 қабатты 6 тұрғын үй жыл соңына дейін ел игіліне берілмек. Жеті қабатты 15 үйдің құрылысы да қарқынды. Сонымен қатар, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы келер жылдың басында толық аяқталмақ.

Жиналыста Түркістан қаласында салынып жатқан нысандар мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жағдайы туралы баяндалды.

Облыс әкімі 20-дан астам жаңа нысандардың құрылыс барысы туралы соңғы мәліметтермен танысты. Жауапты басшыларға құрылысты белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *