4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістанда туристік-рекреациялық орталық салынуда

Облыс орталығында жасанды көлі бар демалыс кешені ашылмақ. Аумағы 85 гектарды құрайтын демалыс орны өңірге туристер мен инвестиция таратын кешенге айналады. Нысанның құрылысы үш кезеңнен тұрады. Ал, жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 миллион м3.
Аталған құрылыс нысанына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барып, жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда бөгеттер тұрғызылып, топырағы нығыздалған. Кешен құрылысына 70 жұмысшы, 15 техника жұмылдырылған. Құрылыстың алғашқы кезеңін күз айларында аяқтау жоспарлануда. Ал, қала тұрғындары мен қонақтары келесі жылы кешенде серуендей алады.
Сонымен қатар, орталықта су спорты түрлерімен айналысуға арналған арнайы орындар болады. Жасанды көлдің жағалауында емдік қасиеті көп шағыл құммен қыздырынуға да жағдай жасалмақ. Арнайы ағаштар отырғызылып, балалар демалыс алаңы салынады. Сондай-ақ, коттедждер мен қонақүйлер бой көтеріп, демалыс аумағында саябақтар мен гүлзарлар салынады. Жаңа кешеннің айналасы абаттандырылып, көгалдандырылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *