5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық жарыс басталды

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің ең бірінші иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан XХ халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі сынға Қытай, Қырғыз республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Йемен мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 160-қа жуық спортшы келді. Турнирдің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысушылар мен спорт жанкүйерлерін құттықтады.

Түркістан төріндегі халықаралық турнирге қош келдіңіздер! Бокстан жастар арасындағы бұл жарыс өңірімізде 20-шы рет өткелі жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласын үнемі қолдап келеді. Түркістан облысында да спорт саласына үлкен мән беріліп, спорт нысандары салынды. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынып жатыр. Жаңа қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында «Теннис орталығы» бой көтерді. «Мұз сарайы» мен ескек есу каналы салынуда. Түркістан өңірі талай спорт саңлағын баптап шығарды. Оның ішінде бокс мектебіміз өте мықты. Солардың бірегейі Бекзат Саттархановты Қазақ елі ешқашан ұмытпайды. Бүгінгі дода өңірдегі жас спортшыларға жаңа серпін береді деп сенемін, – деді Д.Сатыбалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *