5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды

Түркістан облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай онкүндік басталды. Мерекелік іс-шаралармен айшықталатын әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырмақ.

Онкүндіктің ашылу салтанаты Қ. А. Ясауи кесенесінен бастау алып, «Керуен сарай» көпфункцианалды туристік кешенінде этнос өкілдерінің мерекелік шеруімен жалғасты. Оған қаламыздың белсенді жастары, этнос өкілдері мен ЖОО-ның студенттері қатысып, мұндай шара елді бірлікке үндейтінін айтты.

– Алғыс айту күні – бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын мейрам. Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша этнос өкілдерінің берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі. Бүгін, мінеки, мерекенің мән-маңызын арттыратын осындай игі шараға куә болдық. Бұл – біздің бірлігімізді нығайтады, – деді қалалық славян этно-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Ирина Чеганова.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *