4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Түркияны туристер «талап жатыр»

Түрік лирасының құлдырауы бәрінен бұрын шетелдіктерге зор қуаныш сыйлады. Әсіресе, Эдирне қаласының сауда орталықтарын Рождество қарсаңында сауда-саттық жасауға келген көршілес болгариялықтар жаулап алған.

Ресми мәлімет Түркиядағы инфляцияның 21 пайызға жеткенін көрсетіп отыр, яғни, лира долларға шаққандағы өз құнының 60 пайызын жоғалтқан. Бүгінде елді қымбатшылық жайлап, ең қажетті тауарлар бағасы күрт өскен.  Алайда өзге ел азаматтары үшін бұл бағалар керісінше өте арзан боп тұр. Әсіресе болгар валютасының құны лираға шаққанда шамамен 6 есеге артқан. Сондықтан олар осы мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша пайдаланып қалмақ.

Хатидже Ахмедова, болгариялық турист:

«Біз түнгі 03.00-де шықтық. Бір топ болып автобуспен келдік. Бірақ Түркияға келушілердің қарасы көп болғандықтан, ұзын-сонар кезек күтуге тура келеді. Мен өзімнің 200 болгар левімді айырбастағанда 1150 лира шықты. Мұндай нәрсе бұрын-соңды болмаған, біздің ақшамен бәрі арзан. Сондықтан бала-шаға, туыстарымызға Рождествоға сыйлық алып, олжаға кенеліп жатырмыз».

Түркияға келушілер арасында грекиялықтардың да қарасы қалың. Эдирнедегі кәсіпкерлердің айтуынша, соңғы апталарда Түркияға сауда жасауға келген шетелдіктер 4 есеге артқан. Эдирнедегі базар басшысы Бюлент Рейсоглу бұл үрдістің дағдарыс салдарын азайтуға зор көмегі  тигенін айтуда. Себебі жергілікті тұрғындардың жағдайы мәз емес, базарға тіпті келмей де қойған.

Бюлент Рейсоглу, базар басшысы:

«Тұрақтар болгариялықтардың көлігіне толы. Жергілікті халықтыкі бірен-саран. Лираның құлдырағанын ести сала олар жаппай бізге келіп сауда жасауда. Көбі – алыпсатарлар. Әйтеуір, барлығының пайда тапқысы келеді. Оның бір жағынан бізге де пайдасы тиіп жатыр».

Президент Режеп Эрдоғанның алдағы уақыттағы қаржылық жобалар туралы мәлімдемесінен кейін лира курсы біршама қалпына келді. Шамамен оның құны 1 долларға шаққанда 10,83 лираға дейін көтерілді. Дегенмен Орталық банктің пайыздық мөлшерлемелерді көтеру саясаты әлі де жалғасуда. Қазір оның көрсеткіші – 14 пайыз.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *