4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Тоқаев: Шаруалар мал жаятын жайылым таппай жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдауда президент шаруалардың қолы жайылымға жетпей отырғанын айтты. Әсіресе, әкімдер әртүрлі сылтау айтып, жайылым жерлерді ықпалды адамдардан кері қайтара алмай жатқанына да тоқталды.

Әсіресе, жайылым жерді адам аяғы баспайтындай етіп, қоршап тастағандардың да бар екенін айтты.

«Аймақтарда әкімдер түрлі себептерді сылтауратып ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауы керек. Жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету қажет», – деді Президент.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығын алдағы уақытта ескере отырып, әр жылы әртүрлі дақыл егу мәселесін де тілге тиек етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *