4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Той болып жатқаны жайлы хабар бергендерге сыйақы беріледі

 

Еліміздегі эпидахуалдың күрт нашарлағанына қарамастан той жасаушылар азаяр емес. Айыппұл төлеп оңай құтылған халық әлі де қояр емес. Еліміздің түкпір-түкпірінде той жасап ұсталған тұрғындар да жетерлік.

Алматы қалалық бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторингтік топтар заң бұзушылықты әлеуметтік желі арқылы анықтайтынын айтты. Қазіргі таңда жауаптылар денсаулық сақтау министрлігіне арнайы ұсыныс жолдамақ.

-«Пандемия кезінде той жасайтындар азаймай тұр. Тіпті, ондай жерлерде әншілердің де жүретінін көрдік. Оларға заң бойынша айыппұл салынып жатыр. Біз қазір той мен адам көп жиналатын шаралар туралы хабарлаған адамға сыйақы беру мәселесін де қарастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Айта кетейік, кез келген тұрғын жергілікті әкімдік сайтынан мониторингтік топтың нөмірін таба алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *