Табиғи апаттан зардап шеккендерге өтемақы беріледі

Түркістан облысында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың шығыны өтелетін болады. Қазір облыс әкімінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Соңғы дерек бойынша, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар 370 бас мал өлді. Шығындарды өтеуге облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралған. Есеп-қисап жұмыстары біткен соң, үй жануарларының шығынына, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге, ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырын жөндеуге, шаруашылық ғимараттарды реттеуге көмек көрсетіледі.

Зардап шеккен ауыл-аймақты аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов апаттан келген шығын көлемін есептеу үшін Алматыдағы құрылыс және архитектура ғылыми зерттеу институтынан ғалымдар арнайы шақырылғанын жеткізді. Айтуынша олар үй-жайдың немесе қосымша құрылыстардың қаншалықты бүлінгенін анықтап, оны жөңдеу немесе жаңадан тұрғызу керектігін белгілейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *