Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Сәкен Бибосыновқа пәтер кілті табыс етілді

31 декабря, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
19
VIEWS

Жыл үздіктері анықталды. Облыстағы әр саланың кіл мықтылары марапатталып, бірқатары «Құрметті азамат» атағын иеленді. Жылды жетістіктермен қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев Түркістанның дамуына үлес қосқандардың еңбегін еледі. Жылдың нүктесін қойған салтанатты кеш жайында тілші материалында.

Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сәкен үшін биылғы жыл табысты жыл болды. Токио олимпиадасында қола жүлдегер атанған ол әлем чемпионатының айқас алаңында өзінің талантын әлемге паш етті. Бұдан бөлек, «ел қорғаны», «үздік спортшы» сынды номинацияларға да ие болды.

Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы:

«Еңбегімізді бағалап пәтер сыйлап жатыр. Осындай марапат алдағы жарыстарда мотивация болады деп ойлаймын. Алар асуымыз тек қана алда деп ойлаймыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл жеңіс тек қана менің ғана жеңісім емес. Өзімнің жеке бапкерімен бірге ақылдасып, еңбектің арқасында келген жеңіс деп ойлаймын. Бұйыртса алдағы жарыстарда елімізді қуантатын боламыз».

Жылды жетістікпен қорытындылаған  Өмірзақ Шөкеев  еңбегіне қарай бірнеше аталым бойынша үздіктерді марапаттады. Олар ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосқан әр саланың үздіктері. Түрлі шараларда дараланғандар үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылды. Облыс әкімі сөз бастап, түрлі топ жарып жүргендерге алғысын білдірді

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

 «Бүгінгі берілер марапаттар- жыл бойы жасаған жұмыстарыңызға берілген лайықты баға. Мәртебелі құрмет деп білемін. Толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге жеткізген осы жылдағы көрсеткіштеріміз жаңа жылда еселене береді деп сенемін. Сіздерді жаңа белестерді бірлесе бағындыруға мәңгілік елімізді бірге нығайтуға шақырамын».

Үздіктер марапатталған кеште «Облыстың құрметті азаматтарына» да арнайы лента мен төсбелгі табысталды. Солардың бірі «Nur Otan» партиясы облыстық  филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева.

Қалима Жантөреева, Nur Оtan партиясы Түркістан облыстық  филиалы төрағасының орынбасары:

 «Бүгін мен үшін аса бір ерекше күн. Кез келген адамға бұл атақ бұйырмайды. Сондықтан мен өте бағалаймын. Алдымда үлкен жауапкершіліктер күтіп тұр деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында осындай марапатқа ие болу үлкен мәртебе. Бұл менің ғмана жұмысым емес,менімне бірге жүрген әріптестерімнің еңбегінің еленгені».

Білім, ғылым, денсаулық, мәдениет салалары бойынша үздіктерге арнайы статуетка үлестірілді. Сондай-ақ, облыс пен әлеуметтік экономикаға үлес қосқандарға медальдар тағылды. Осылайша, жыл үздіктері еңбегі елененіп, қошеметке ие болды.

Tags: жыл үздіктеріпәтерСәкен БибосыновТүркістанӨмірзақ Шөкеев
Алдыңғы жаңалық

87 әкім сайланды

Келесі жаңалық

Азық-түлік арзандауы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Азық-түлік арзандауы мүмкін

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz