4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана
Аймақ

87 әкім сайланды

Түркістан облысында биыл 87 елдімекенннің әкімі сайланды. Оның 68-інде тұрғындар өз басшыларын тікелей таңдады. Қалғанында жанама сайлау өткен.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған науқанға қатысу үшін жалпы 236 кандидат тіркеліпті. Оның 139-ы өзін-өзі ұсынса, қалғаны – еліміздегі саяси партиялардың өкілдері. Бірінші рет сайланған әкімдердің саны 33 болса, орнына қайта жайғасқаны 35 азамат. Сайлауда 1 ғана әйел азаматының бағы оза шауыпты. Ұлттардың үлесі бойынша  83 қазақ, 4 азамат өзбек этносынан. Сайлауды жарамсыз деп тану және қайта өткізу туралы мәселе болмаған. Әйткенмен, бірқатар өңірлерде кемшіліктер орын алған.

Әлібек Өмірәлиев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

«Алатау ауылдық округінде Ажибаев, Абдукаимов есімді азаматтар өзін-өзі ұсынған. Алайда, аудандық полиция басқармасы үміткер жақтастарының қолы жарамсыз деп танып, сайлау комиссиясына ұсынған. Кандидаттар сотқа арызданған тұста полиция қызметкерлері бұлтарпас айғақ көрсете алмады. Тиісінше, олар қайта кандидат ретінде тіркеліп сайлауға қатысты».

Жалпы жарты жыл ішінде Қазақстанда ауыл әкімдерінің үштен бір бөлігі жаңарған. Яғни 864 әкім сайланыпты. Ел бойынша сайлаушылардың қатысу деңгейі 87,5 пайыз. Бұл ауыл тұрғындарының белсенділігін және бастаманы қолдайтындықтарын көрсетеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *