4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Су иесі кім?

Түркістан облысында әкімдік ағын суды жекеге сатып жіберіп, кесірінен 7 ауыл сусыз қалды. «Егін мен малға бір тамшы су таба алмай отырмыз» деген түлкібастықтар бұлақты жекеменшікке сатып жіберген.

Түлкібастағы 7 ауылдың бұл тұрғындары 3 жылдан бері не егінін, не малын суара алмай жүр. Себебі 200 жылдық Жиынбай арығын әкімдік жекеге сатып жіберіп, қазір оның тек шаңы шығып жатыр.

Мұхит Көлбаев – Түркістан облысының тұрғыны:
«Ауыз су да жоқ керек болса. Бұлар жеке қылып қуратып отыр бәрімізді. Малымыздың бәрі жаман суды ішіп қырылып жатыр” “ 3 жыл болды. Тура керек кезде көктемде бекітеді тазалаймыз деп. Тура жаздың кезінде береді. Қураған кезде ештеңе еге алмаймыз».

Мырзағали Әлімқұлов – Түркістан облысының тұрғыны:
«Бұл су алты айдан бері өз арнасымен айдалаға кетіп жатыр. Арысқа қосылып жатыр. Егініміз қурайтын болды. Ремонттайтын жері көп дейді. Оған дейін шілде болады».
Ал, 10 мыңға жуық халқы ағын суға зар боп отырған аудан басшылығы болса, қол қусырып жүрген біз жоқ деп ақталып шықты.

Бауыржан Ахметов – Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:
«Қазіргі таңда механикалық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан бірінші майға дейін сусыз отыр. Суды жібермей тұрған себебіміз бас жағындағы 600 метр бетонда трещина пайда болған. Сол жерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бір аптада су береміз».

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары сөзіне сенсек, бұл жақтағылар егінге тек мамыр айында кіріседі. Алайда жиналған жұрт «билік өкілі дәл мұндай уәдені былтыр да берген» деп ашық айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *