4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Сел сергелдеңі

Бұл көл немесе өзен дейтін шығарсыз сіз? Жоқ, бұл Түркістан облысындағы нөсерден кейінгі көрініс. Ағын су елді мекендердегі үйлерге кіріп, қора-қопсыны қиратып, тіпті саяжайларды басып қалған.

Гүлжан Нұржаубаева Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір ауылының тұрғыны. Айтуынша селдің қатты болғаны соншалық, үй-жайды әп сәтте басып қалған. Жеті баланың анасы келген шығынды кім өтейді деп уайымдап отыр.

Ал ауыл әкімі халықты сабыр сақтауға шақырды. Табиғи апаттан келген залал көлемін арнайы құрылған комиссия есептейді. Әр тұрғынның шығыны өтеледі,- дейді ол. Әзірге бұл ауылда 12 үйді су басқаны белгілі.

Қызылсеңгірдегі жағдайды іргелес Қақпақ ауылы да бастан кешті. Мұнда ағыл-тегіл нөсерден өзені арнасынан асып, ауылды шайып кеткен. Тұрғындар әзірге туыстарының үйін паналауға мәжбүр.
Сондай-ақ, ауданда зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге еріктілер тобы жұмылдырылған. Олар қираған үй-жайларды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *