4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Сайрамда 900-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Мемлекет басшысының 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 тұрақты жұмыс орнын ашу жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданындағы 87 мыңнан астам жұмыс күшіне биылғы жылы 870 нәтижелі жұмыс орнын ашу көзделуде. Бұл туралы бүгінгі брифингте Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектілері есебінен 530 жаңа жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылы 6 инвест жобаны жүзеге асыру арқылы 215 жұмыс орнын, сондай-ақ ауылды жерлерде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту арқылы 214 жұмыс орнын құру жоспарлануда» – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Өткен жылы аудан көлемінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына жалпы 10 491 адам қатысып, 6 973 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, 2021 жылы аз қамтылған 4 336 отбасына 926,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек беріліп, 3 606 балаға 189,2 млн теңге кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды. Аудан көлемінде кедейшілік деңгейі соңғы үш жылдың нәтижесінде 2019 жылғы 34,8%-дан 2021 жылы 10,3%-ға төмендеген. 2022 жылға тұрмыс жағдайы төмен деп танылған 77 отбасына көмек көрсетіп, оның ішінде 3 отбасын тұрғын үймен қамту көзделуде

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *