5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылады

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Ресей Федерациясының вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекарада өте алмай тұрған қазақстандық азаматтар да бар. Келіссөздер жүргіздік, себебі азық-түлік тиеген көліктер де тұр. Ол сәйкес ереже жасады. Бүгін шекара қызметі бір-бірімен келіседі. Біз ең алдымен өз азаматтарымыз бен азық-түлік таситын көліктер үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тырысамыз, – деп атап өтті Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілердің сауалына жауап берген Серік Жұманғарин.

Айтуынша, «жасыл дәліз» мемлекеттік шекарадағы өткізу бекетінде 29-30 қыркүйекте ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі елге ағылып келіп жатқан ресейліктер ағыны азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтінін айтқан болатын. Сонымен қатар министр бұл мәселе бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен жиналыс өткізген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *