Ресейде табиғи апат салдарынан 3 адам көз жұмды

Ресейдің Тверь облысы аумағында орын алған дауыл нәтижесінде үш адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті.
Андреаполь қаласында жылдамдығы 25 м/сек дейін соққан желдің нәтижесінде ағаштар құлаған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 8 адам жарақаттанған, 3 адам қайтыс болған.
Тверь облысының губернаторы Игорь Руденнің басқаруымен табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Жауапты қызметкерлер оқиға орнына жетіп тиісті жұмыстар жасалуда. Өңірлік денсаулық сақтау ұйымына жапа шекен тұрғындарға жедел көмек көрсету тапсырылды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *