5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 22 қыркүйек күні онлайн режимде өткен сотта прокурор Нұрсұлтан Назарбаевтың жиеніне мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ прокурор Сатыбалдыны белгілі бір лауазымдарды атқару құқықтарынан айыру және ҰҚК генерал-майоры арнаулы атағынан, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінен айыруды өтінді.

Сатыбалды өз кезегінде прокурордың айтқан айыптарымен келісетінін, өзінің жасаған кінәсін толық мойындайтынын және өз ісіне өкінетінін жеткізді.

“Құрметті сот, процессуалдық келісімнің мәні маған толықтай түсінікті. Мен кінәмді мойындаймын, жасаған ісіме өкінемін және процессуалдық келісімнің барлық тармақтарымен келісемін”, – деді ол сотта.

Қалған сотталушылар процессуалдық келісімге сәйкес шартты түрде жазаланады.

Судья сотталушылардан сот төрелігінде қандай да бір заң бұзушылықтардың орын алған-алмағанын және алып-қосарлары бар ма деп бірнеше рет сұрады. Айыпталушылар бір ауыздан жоқ деп жауап берді.

Жауапкерлер келтірілген залалдың толық өтелгенін алға тартып, “Қазақтелеком” мен “Көліктік қызмет көрсету орталығы” АҚ компанияларына қатысты талап-арызды қараусыз қалдыруды сұрады.

Судья кеңесу бөлмесіне кетті. Соттың үкімі ертең, 22 қыркүйек күні шығады деп болжануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *